Алматы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа жақындап қалды
Опубликовано:

Елімізде COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
ВАК-тың мәліметінше, 11 шілдедегі жағдай бойынша, "қызыл" аймақта ешбір өңір жоқ. "Сары" аймақта Алматы қаласы, қалған өңірлер "жасыл" аймақта тұр.
Дегенмен картадан Нұр-Сұлтан қаласының "сары" аймаққа, Алматының "қызыл" аймаққа жақындап қалғанын байқауға болады.
Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 454 адам анықталса, соның 200-і Алматы қаласынан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977832-almaty-koronavirustyn-taraluy-boiynsa-qyzyl-aimaqqa-zaqyndap-qaldy/