Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандар көбейіп жатыр: Ashyq бағдарламасы енгізіле ме

Опубликовано:

Маска таққан ер адам
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырғандардың саны артып жатыр. Осыған байланысты елорданың бас санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова пікір білдіріп, еліміздің астанасында шектеу шаралары күшейтіле ме деген сауалға жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Сархат Бейсенова маусым айының соңынан бастап елордада КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлағанын хабарлады.

"Егер бір ай бұрын тәулігіне тіркелгендер саны аз болса, соңғы екі аптада күніне 120-дай адамнан коронавирус инфекциясы анықталуда. Соңғы тәулікте 118 жағдай тіркелді. Коронавирус инфекциясының даму қарқыны бойынша Rt репродуктивті саны 1,958-ді құрайды", – деді ол.

Бас санитариялық дәрігер бүгінде ауру агрессивті емес түрде жүріп жатқанын, өкпені жасанды желдету аппаратында науқастардың жатпағанын жеткізді.

"Ashyq бағдарламасын енгізу және қалаға кіруге немесе шығуға тыйым салу қарастырылмайды", – деді спикер.

Сонымен қатар ол елорда тұрғындарын адамдар көп жиналатын орындарға бармауға, бетперде киіп, барлық сақтық шараны сақтауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977870-nur-sultanda-koronavirus-zuqtyrgandar-kobeiip-zatyr-sekteu-saralary-kuseitile-me/

pixel