Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Найзағай, дауыл, бұршақ: Еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

Найзағай
Көрнекі фото: pexels.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 12 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, 12 шілдеде күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

12 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с жетеді деп күтіледі.

Күндіз 12 шілдеде Қарағанды облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай болып, бұршақ жауады деп болжануда. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

12 шілдеде Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді.

12 шілдеде Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с жетуі мүмкін. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

12 шілдеде түнде Абай облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында бұршақ жауып, дауыл тұрады.

12 шілдеде күндіз Шығыс Қазақстан облыстың басым бөлігінде найзағай ойнап, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі.

12 шілдеде түнде Жетісу облысының таулы және тау етегіндегі аудандарда, күндіз басым бөлігінде найзағай, дауыл болуы мүмкін. Батыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

12 шілдеде Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында найзағай, бұршақ болжануда. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Нұр-Сұлтан қаласында 12 шілдеде найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғады, оның екпіні 15-20 м/с жетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977933-naizagai-dauyl-bursaq-elimizdin-birnese-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/

pixel