Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жезқазғанда мотоцикл тізгіндеген ер адам баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

Опубликовано:

Жезқазған
Видеодан кадр: instagram.com/my.zhez

Әлеуметтік желіде мотоцикл жүргізушісінің жолдан өтіп бара жатқан қызды қағып кеткен сәтінің видеосы тарады. Оқиға Жезқазған қаласында болған. Бұған қатысты өңірдің полиция департаменті пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видео Instagram желісіндегі my.zhez парақшасында жарияланды.

Кадрдан мотоцикл жүргізушісінің қыз баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткенін байқауға болады.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұған қатысты пікір білдіріп, оқиғаның 10 шілде күні сағат 20:35-те Мир және Гагарин көшелерінің қиылысында болғанын хабарлады.

Полицияның мәліметінше, белгісіз адам мотоциклмен 9 жасар қызды қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан.

Бала медициналық мекемеге жеткізілген.

Жедел іс шаралар кезінде күдікті қолға түсті. Ол 20-жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Осы орайда ведомство жол-көлік оқиғасының тіркелгенін, полицейлер тексеру жұмыстарын жүргізіп, тиісті шешім қабылдайтынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977934-zezqazganda-motocikl-tizgindegen-er-adam-balany-qagyp-oqiga-ornynan-qasyp-ketken/

pixel