Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлихан Смайылов зейнет жасының төмендеуіне қатысты сұраққа жауап берді

Опубликовано:

Премьер-министр әйелдердің зейнет жасының төмендеуіне қатысты ойын айтты
Көрнекі сурет: pixabay.com

Әйелдер үшін зейнет жасы төмендетілмейді. Көп қойылып жүрген сұраққа бүгін Үкімет басшысы жауап берді, деп хабарлайды КТК арнасы.

"Зейнет жасын төмендету - зейнетақы төлемдерінің күрт төмендеуіне әкеледі", - дейді Әлихан Смайылов. Яғни, елдегі еңбекке жарамды азаматтар жаппай еңбек демалысына ерте шықса, салымшылар саны азаяды екен. Ол кезде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін ақшаның түбі көрінуі мүмкін.

Тек премьер мен оның қарамағындағылардың жауабы әртүрлі. Мәселен, зейнет жасын төмендетуді сұрап келген белсенді әйелдерді Еңбек министрлігі бүгін қуантып шығарып салды.

"Барлық мәселені жанжақты талқыладық. Олардың өз ұсыныстары болды. Әртүрлі кейстерді қарадық. Барлығын жан-жақты талқыладық. Денсаулық министрлігі болды. Сол жақтан да бақыладық. Мәселені жан-жақты талқыладық. Кешенді, бастамашы топтың ұсыныстары қабылданды, жұмысқа алынды, енді бірігіп жұмыс істейтін боламыз", - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова.

Таң атпай Үкімет үйіне жиналған бастамашыл топтың қарқыны басылып тарқасты. Олар бүгін әйелдердің зейнет жасын төмендетуді сұрап келген болатын. Вице-премьер Ералы Тоғжановтан бастап, біршама шенеунікпен кездескен соң талаптары да жұмсарды. Олар енді әйелдерді зейнетке 58 емес, ең болмаса қазіргі 60 жарым жасында қалдыруды сұрап отыр.

КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977944-alixan-smaiylov-zeinet-zasynyn-tomendeuine-qatysty-suraqqa-zauap-berdi/

pixel