Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үш адамды сүзіп өткен": Қостанайдың қақ ортасында қашып жүрген сиыр тұрғындарды әбігерге салды (фото, видео)

Опубликовано:

Қостанайда қашып жүрген сиыр халықты әуреге салды
Тұрғындарды әбігерге салған сиыр. Фото: kstnews.kz

Бүгін Қостанай орталығында қашып жүрген сиыр біраз адамға жарақат салып, полицейлерді әбігерге түсірді. Бұл туралы Қостанай жаңалықтары басылымы хабарлайды.

Куәгерлердің айтуынша, союға алып бара жатқан сиыр көліктің астауынан секіріп, қашып кеткен. Қала ортасында шапқылаған жануар үш адамды жарақаттады. "Қазақпарат" мәліметінше, ер адамның белі сынса, тағы бір жәбірленуші әйелдің білегі сынған. Сиырдан зардап шеккен жәбірленушілердің бірі кішігірім жарақатпен дәрігер қарауында болды.

Сондай-ақ, қаладағы банк жанында тұрған автокөліктердің бірі сиырдың шабуылынан зақымдалды.

Кейін сиырды ұстауға полицейлер кірісті. Бір қызығы, үй жануарын ұстау тәртіп сақшыларына да үлкен қиындық туғызды. Сиыр үш сағат бойы қала ішінде қашып жүрген.

Басылым мәліметінше, бұл сиыр әулиекөл тұқымына жатады. Қалалық ветеринария мамандары сиырды тексеуден өткізіп, оның құтырмамен ауырмайтынын анықтады.

Үш сағат бойы тұрғындарды әлекке салған сиырды мамандар союға алып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977949-us-adamdy-suzip-otken-qostanaidyn-qaq-ortasynda-qasyp-zurgen-siyr-turgyndardy-abigerge-saldy-foto-video/

pixel