Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін еліміздің үш ірі қаласында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Жаңбыр
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер бүгін, 12 шілдеде Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қандай болатынын болжады. Ақпарат "Қазгидромет" РМК ресми сайтында жарияланды.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін елордада найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Сондай-ақ жел соғып, күші 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін. Күндіз ауа температурасы 29-31 градус жылы болмақ.

Алматыда да жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Соққан желдің күші 2-7 м/с жетсе, найзағай кезінде 13 м/с дейін жетуі ықтимал. Осы орайда сынап бағанасы 27-29 градус жылыны көрсетеді.

Шымкентте бүгін жауын-шашын болмайды. Мамандардың болжамынша, шаһарда күн райы 34-36 градусқа дейін ысыуы мүмкін. Дегенмен жел соғып, күші 8-13 м/с жетеді деп күтіледі.

Еске сала кетсек, бұған дейін 12 шілде күні еліміздің 9 облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында дауылдық ескерту жарияланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1977954-bugin-elimizdin-us-iri-qalasynda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel