Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында канализациялық қызмет тарифін негізсіз көтерген кәсіпорын басшысы сотталды

Опубликовано:

Сот
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырау облысында сумен жабдықтау және канализациялық қызметтің тарифтерін негізсіз көтерген кәсіпорын басшысы сотталды. Бұл туралы Қаржылы мониторинг агенттігі Telegram арнасында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, Атырау облысы "Жылыойсу" МКК директоры Алагузов 2019 жылдың наурыз айынан бастап 2021 жылдың наурыз айына дейін монополиялық жоғары бағаларды белгілеп, Құлсары қаласы халқына сумен жабдықтау және канализациялық қызметтің тарифтерін негізсіз көтерген.

"Ол қаражатты аса ірі мөлшерде жымқырып, 126 млн теңге залал келтірген. Тергеу кезінде аталған залал мөлшері толығымен мемлекетке қайтарылды.

Сондай-ақ тергеу кезінде Құлсары қаласы және Жаңа Қаратон халқына сумен жабдықтау қызметтеріне бекітілген тарифтер 54,4 пайызға төмендетілді", - делінген хабарламада.

Сот үкімен аталған кәсіпорын басшысы кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылған. Сонымен бірге ол өмір бойына мемлекеттік мекемелерде материалдық жауаптылығы бар басшы қызметімен айналысу құқығынан айырылған.

"Қылмыстық кодекстің 63-бабының талаптарына сай, тағайындалған жаза шартты деп есептеледі", - деп хабарлады ведомстводан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1978002-atyrau-oblysynda-kanalizaciyalyq-qyzmet-tarifin-negizsiz-kotergen-kasiporyn-bassysy-sottaldy/

pixel