Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ертең Алматының екі ауданында ыстық су болмайды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Ертең, 13 шілдеде Алматының бірқатар көшесіндегі тұрғын үйлерде ыстық су болмйды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігі Telegram арнасында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 2022 жылғы 13 шілде күні сағат таңғы 09.00-ден кешкі 21.00-ге дейін Медеу және Жетісу ауданындағы Қонаев – Райымбек – Жангельдин – Есік – кіші Алматы өзені – Айтеке би – Қалдаяқов – Мақатаев – Уалиханов көшелерінің контурында орналасқан тұрғын үйлерде және өзге де ғимараттарда ыстық су болмайды.

"Шектеулер жылу желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматының Түрксіб және Наурызбай ауданының аумағында орналасқан бірқатар тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттарға ыстық су беру уақытша тоқтатылатынын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1978008-erten-almatynyn-eki-audanynda-ystyq-su-bolmaidy/

pixel