Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда қантқа таласқан жұрттың әрекеті видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

қант
Видеодан кадр: instagram.com/azamat_sarsenbayev

Ақтаудағы супермаркеттердің бірінде қантқа таласқандар видеоға түсіп қалды. Дүрліккен жұрттың видеосын жергілікті блогер Азамат Сәрсенбаев жариялаған. Болған жайтқа қатысты әкімдік пікір білдірді.

Азамат Сәрсенбаевтың Instagram желісінде жариялаған видеосынан адамдардың дүкендегі қанттың маңына жиналып, қант алуға тырысып жатқанын көруге болады. Айтуынша, 450 теңгеден 2 келі қант алу мүмкін болған.

КТК телеарнасының мәліметінше, Ақтау тұрғындары қант алу үшін таңертеңнен бастап ұзын-сонар кезекке тұруға мәжбүр. Осыған қарамастан құмшекер халыққа жетпей қалады.

Жергілікті әкімдік маңғыстаулықтар айына орта есеппен 1000 тонна қант тұтынатынын айтты. Тұрақтандыру қоры мен қоймаларда өнімнің жартысы ғана бар.

"Қазір өңірде 500 тонна қант бар. Ал жолда бес вагон келе жатыр. Бұдан басқа біз азық-түлік корпорациясымен 1000 тоннаға шарт жасастық. Қазірдің өзінде төледік", - деп түсіндірді Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының бөлім басшысы Пікір Сансызбаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін желіде Семейдегі супермаркеттердің бірінде тұрғындардың қант сатып алу үшін ұзын-сонар кезекте тұрғаны бейнеленген видео тараған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1978036-aqtauda-qantqa-talasqan-zurttyn-areketi-videoga-tusip-qaldy/

pixel