Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада төлем қабылдайтын терминалдарды ұрлау сәті видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

ұры
Видеодан кадр: polisia.kz

Қызылордада төлем қабылдайтын терминалдарды ұрлады деген күдікпен Түркістан облысының 31 жастағы ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Порталдың мәліметінше, бұл жайт шілде айының басында болған.

Полицияға мекеме директоры хабарласып, өздеріне тиесілі үш төлем терминалының ұрланғанын айтқан.

Тексеру барысында полиция қызметкерлері белгісіз адам алдын ала дайындалған жоспар бойынша Қызылорданың орталығында орналасқан дәріханалардан терминалдар ұрлағанын анықтаған.

Белгілі болғандай ол сол жерде жұмыс істейтін қызметкерлерге немесе күзетшіге өтініш айтып, дәріхананың ішінде орналасқан терминалды бірге көтеріп шығып, алып кетіп отырған.

Жедел-іздестіру шарасының барысында күдікті қолға түскен. Ол Түркістан облысының 31 жастағы тұрғыны болып шықты.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар материалдық шығын есептеліп жатыр.

Одан бөлек полицейлер күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатқанын атап өтті. Ер адам Қызылорда қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1978065-qyzylordada-tolem-qabyldaityn-terminaldardy-urlau-sati-videoga-tusip-qaldy/

pixel