Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте жергілікті патрульдік полиция полкінің рота командирлері ұсталды

Опубликовано:

кісен11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жергілікті полиция қызметінің патрульдік полиция полкіндегі жүйелі сыбайлас жемқорлық фактісін анықтады, деп хабарлайды ведомство ресми сайтында.

Агенттіктің мәліметінше, қылмыстық қудалау орбитасына 30-дан астам полиция қызметкері мен олардың сыбайластары тартылып, оның ішінде 4 фигурант соттың санкциясымен қамауға алынған.

Сонымен қатар ведомство патрульдік полиция полкінің 4-ші рота командирі қоластындағылардан пара алған кезде ұсталғанын мәлімдеді.

Одан бөлек агенттік қызмет бойынша жалпы қамқорлығы үшін инспекторлардан жүйелі негізде 5 мыңнан 10 мың теңгеге дейінгі мөлшерде пара алды деген күдікпен 8-ші рота командирі ұсталғанын атап өтті.

7 шілдеде ол ҚР ҚПК 147-бабына сәйкес, Шымкент қалалық тергеу сотының санкциясымен 2 ай мерзімге қамауға алынған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етуге жатпайтынын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1978106-symkentte-zergilikti-patruldik-policiya-polkinin-rota-komandirleri-ustaldy/

pixel