Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

37 градусқа дейін ыстық: Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Ыстық ауа райы
Көрнекі сурет: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК 13 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен бүгін ел аумағында ауа райы құбылмалы болады.

Кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшейіп, жаңбыр жауады. Еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрып, батысында бұршақ жаууы ықтимал.

Мамандар тек Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-батысында және солтүстік-батысы мен орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтілетінін айтады.

Одан бөлек Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының батысында, орталығында өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қостанай, Маңғыстау облысының басым бөлігінде, сондай-ақ Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.

Ал еліміздің бас қаласы Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығып, күн жауын-шашынсыз болады. Тек күші 3-8 м/с-қа жететін солтүстік-шығыстан жел соғуы ықтимал. Күндіз 28-30 градус ыстық.

Алматы қаласында да көшпелі бұлт шығып, найзағай ойнап, күндіз жаңбыр жауады деп күтілуде. Сонымен қатар солтүстік-шығыстан жел соғып, күші 2-7 м/с-қа, найзағай кезінде 13 м/см/с-қа дейін жетуі ықтимал. Күндіз 27-29 градус ыстық.

Республиканың үшінші мегаполисінде бүгін жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Дегенмен солтүстік-шығыстан жел соғып, күші 8-13 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Күндіз 35-37 градус ыстық болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1978157-37-gradusqa-deiin-ystyq-bugin-el-aumagynda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel