Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетау полицейлері қылмыстық істі жабуға уәде бергені үшін 50 мың доллар алды деген күдікке ілінді

Опубликовано:

ақша ұстаған адам
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көкшетау полицейлері қылмыстық істі жабуға уәде бергені үшін 50 мың доллар алды деген күдікке ілінген. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Telegram-дағы ресми-арнасында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі таңда Көкшетау қаласы полиция басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Олар басқа органның іс жүргізуінде жатқан қылмыстық істі тоқтатқаны үшін кәсіпкерден 50 мың АҚШ доллары сомасында қаражат алды деген күдікке ілінген.

Биылғы жылдың 8 шілдесінде жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесі бойынша, ҚПК-нің 128-бабының тәртібіне сәйкес, Көкшетау қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары ұсталған.

9 шілдеде Көкшетау қаласының тергеу соты күдіктіге қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.

Агенттік қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жергілікті патрульдік полиция полкінің 8-ші рота командирі қамауға алынғанын хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1978203-koksetau-policeileri-qylmystyq-isti-zabuga-uade-bergeni-usin-50-myn-dollar-aldy-degen-kudikke-ilindi/

pixel