Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Солтүстікте 35 градусқа дейін ыстық: Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Опубликовано:

Күн
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК өкідері 14-16 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Синоптиктердің болжамынша, Иран аудандарынан келген жылы ауа массалары Қазақстанның бүкіл аумағына өз әсерін тигізе бастайды.

Салдарынан өңірлерде жоғары температура сақталады.

Мамандардың айтуынша, тіпті еліміздің солтүстігінде сынап бағансы 30-35 градусқа дейін көтеріледі.

Дегенмен жоғары температуралық фонға қарамастан, ел аумағында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі.

Сондай-ақ метеорологтар кейінірек Иран аудандарынан келген жылы ауа массаларын Солтүстік циклон алмастыратынын атап өтті.

Бұның әсерінен 15 шілдеден бастап батыста, 16 шілдеден бастап солтүстікте ауа температурасы аздап төмендемек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1978245-soltustikte-35-gradusqa-deiin-ystyq-sinopitker-aldagy-us-kunge-arnalgan-aua-raiy-bolzamyn-usyndy/

pixel