Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кентаудың бұрынғы әкімі 10 жылға сотталды

Опубликовано:

Кентау қаласының бұрынғы әкімі
Фото: Кентау қаласының әкімдігі

Алматыда Кентаудың бұрынғы әкімі Дәурен Махажановқа сот үкімі шықты. Ол аса ірі көлемде пара алғаны үшін кінәлі деп танылған. Бұл туралы Алматы қалалық соты Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

Айыпталушылар орындығында Кентау қаласының бұрынғы әкімінен бөлек, пара алуда делдалдық жасады деп күдіктелген тағы екі адам отырған.

Сотта анықталғандай, айыпталушы өзінің лауазымын пайдаланып, ЖШС директорын қамқорлық жасағаны үшін 50 млн теңге көлемінде ақша беруге мәжбүр еткен.

Сонымен қатар заңсыз сыйақы алу үшін таныстарын тартқан, олар ақшаны алып жатқан жерінен ұсталған.

Сот отырысында айыпталушылар өз кінәсін мойындамады.

Алайда бұрынғы шенеунік пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар ол өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Делдалдардың бірі 1 жылға бас бостандығынан айырылса, екіншісі 1,5 жылға сотталды. Екеуіне де мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.

Айта кетейік, сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1978310-kentaudyn-buryngy-akimi-10-zylga-sottaldy/

pixel