Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК іздеуде жүрген Нұрлан Мәсімовтің қалай ұсталғанын айтты

Опубликовано:

Нұрлан Мәсімовтің ұсталған сәті
Нұрлан Мәсімовтің ұсталған сәті. Фото: ҰҚК

Еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімовтың қалай ұсталғаны туралы мәліметті бөлісті. Бұл туралы ведомство ресми сайтында хабарлады.

ҰҚК-нің мәліметінше, Ресей Федерациясының арнайы қызметінің көмегімен Қазақстан-Ресей шекарасының шығыс учаскесінде өткізу пункттерінен тыс жерден заңсыз өту әрекеті кезінде Қазақстан және Ресей азаматтарынан тұратын бір топ адам ұсталған.

"Олардың арасында бастапқыда өзі туралы жалған деректер берген іздеудегі Павлодар облысы бойынша полиция департаментінің экс-бастығы Нұрлан Мәсімов анықталды. Келісімдер аясында Ресей тарапы 13 шілдеде Нұрлан Мәсімовті ҰҚК Шекара қызметі қызметкерлеріне берді", - дейді ҰҚК-нің баспасөз қызметі.

Ведомство қажетті тексерулер мен жауап алу іс-шараларынан кейін Нұрлан Мәсімов құзыреті бойынша іздестірудің бастамашысы болған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке берілгенін атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет іздеуде жүрген Павлодар облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімовтің ұсталғанын хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1978322-uqk-izdeude-zurgen-nurlan-masimovtin-qalai-ustalganyn-aitty/

pixel