Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биыл Қостанай облысында 13 мектеп жабылуы мүмкін

Опубликовано:

Сынып1
Көрнекі фото: piqsels.com

Биыл Қостанай облысында оқушы саны жетіспегендіктен 13 мектеп жабылмақ. Кейбір ауылдағы білім ордасының есігіне қаңтар айында қара құлып салынған. Өйткені онда жалғыз бала оқыпты, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, Қостанай облыстық білім басқармасының мамандары оқушылар саны аз мектептер бірден жабылмайтынын жеткізген. Ол үшін арнайы уақыт берілетіні белгілі болды.

Алайда жағдай жақсармаса, орта мектеп негізгіге, ал негізгілер бастауышқа көшіріледі.

Одан кейін де оқушы азайса, мекеме жабылып, қалған балалар өзге елдімекендердегі мектептерге ауыстырылады.

"Жабылады деп жоспарланып отырған 13 бастауыш мектепте 3-2 бала ғана қалайын деп отыр. Әулиекөл ауданындағы Целинный мектебін жабу жоспарда болмаған. Бірақ ауылдан халық жаппай көшіп жатыр. 6 білім ордасының ішінде бір орта мектеп негізгі мектепке ауыстырылады. 5 негізгі мектеп бастауыш мектепке көшейін деп отыр", - деді өңірдің білім басқармасының бөлім басшысы Қарлыға Исмурзина.

Автор: З. Санай

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1978348-biyl-qostanai-oblysynda-13-mektep-zabyluy-mumkin/

pixel