Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"2,9 млн теңгеге несие рәсімдеген": ШҚО тұрғыны алаяқтың арбауына түсіп қалды

Опубликовано:

телефон
Көрнекі фото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысында алаяқ жергілікті тұрғынды алдап, оған 2,9 миллион теңгеден астам сомаға несие рәсімдеген, деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Маусым айының соңында Шемонаиха аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 34 жастағы жергілікті тұрғын жүгініп, алаяқтың құрбаны болғанын хабарлады.

Белгілі болғандай наурыздың басынан мамыр айының ортасына дейін бейтаныс жігіт жәбірленушінің телефонынан қосымша арқылы оған 2,9 млн теңгеден астам сомаға ақшалай несие ресімдеген.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 27 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады.

Жауап алу кезінде ұсталған азамат кінәсін мойындады. Ер адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1978415-29-mln-tengege-nesie-rasimdegen-sqo-turgyny-alayaqtyn-arbauyna-tusip-qaldy/

pixel