"Орын жоқ десек, түсінбейді": Ақтөбеде аквапаркке кіргісі келіп, ұзын-сонар кезекке тұрғандар есік сындыруға көшкен
Опубликовано:

Ақтөбедегі аквапарк есігінің алдында адам қарасының көптігінен ұзын-сонар кезек түзілген. Өйткені ауа температурасы осы аптада 35 градустан жоғары болып тұр. Аквапарк әкімшісінің айтуынша, қала тұрғындары мен қонақтары аквапаркке кіру үшін есік пен әйнектерді ұрғылап, айқай-шу шығаруға көшкен. Ойын-сауық кешенінің әкімшілігі бұл жағдайға пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
Атыраудан Ақтөбеге келген қонақтың айтуынша, ол балалары аквапаркке барғысы келген соң осында келген, бірақ отбасымен паркке кіре алмай жүргеніне екінші күн болыпты.
"Кезекте тұрмыз. Біздің қалада мұндай үлкен аквапарк жоқ, сондықтан осында келдік", – дейді Асылай.
Ал аквапарк әкімшісі Ерлан Еріндіковтың айтуынша, парк аумағына күн сайын 1000 адам кіреді.
"Мың адам деп тек ересектерді айтып отырмын, әрқайсысында 2-3 баладан бар деп есептеңіз. Сонда барлығы 1600-1800 адам. Қолға тағатын арнайы білезіктер біткен кезде біз кезекті тоқтатып қоямыз, бірақ адамдар сонда да ішке кіруге тырысады. Оларға "орын жоқ" десек түсінбейді, есіктерді сындырып, әйнектерді ұрғылауда. Тіпті кассир қыздардың мазасын алып, алдарына шығып алған", – деп жағдайды түсіндірді Еріндіков.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1978460-oryn-zoq-desek-tusinbeidi-aqtobede-akvaparkke-kirgisi-kelip-uzyn-sonar-kezekke-turgandar-esik-syndyruga-kosken/