Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көшеге қарумен шыққан алматылық тұрғын 7 жылға қамалуы мүмкін

Опубликовано:

қарумен жүрген ер адам
Оқиға орнында түсірілген видеодан кадр: instagram.com/kris.p.almata

Алматыдағы "Дарабоз" ықшам ауданында қару асынып, көшеге шыққан ер адам жеті жылға қамалуы мүмкін. Бұл туралы Алатау ауданының прокуроры мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алатау ауданы прокурорының айтуынша, ер адамның әрекеті Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша сараланды.

"Күдікті 3-7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қылмыстық іс қозғалды. Іс бұзақылық бабы бойынша тергеліп жатыр. Ұсталған азаматтың қаруы тәркіленіп, заттай айғақ деп танылды. Қазір ол сақтау камерасына тапсырылды", - деді Алматы қаласы Алатау ауданының прокуроры Ізбасар Масақбаев.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыдағы ықшам аудандардың бірінде қарумен жүрген ер адам ұсталғаны туралы жазған едік.

Алдын ала мәлімет бойынша, ол отбасылық жанжалға байланысты мұндай қадамға барған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1978527-kosege-qarumen-syqqan-almatylyq-7-zylga-qamaluy-mumkin/

pixel