Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ұзақ уақыт бойы танымал кәсіпкерлерді бопсалап келген рейдерлік топ әшкереленді

Опубликовано:

Алматыда рейдерлік топ ұзақ уақыт бойы танымал кәсіпкерлерді бопсалап келген
Скриншот: Telegram / afm_rk

Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің жедел-іздестіру іс-шаралары барысында танымал кәсіпкерлерді ұзақ уақыт бойы бопсалап келген бір топ тұлғалардың әрекетінің жолы кесілді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің Telegram-дағы ресми парақшасында хабарланды.

Агенттік ақпаратына сәйкес, қылмыскерлер зорлық-зомбылық, қоқан-лоққы, бопсалау арқылы еліміздегі белгілі кәсіпкерлерді өз мүлкін тегін беруге мәжбүрлеген.

Бүгінгі таңда Департаментте Алматы қаласы мен Алматы облысында аталған тұлғалар тобының рейдерлік шабуылдар жасағаны туралы 4 дерек бойынша іс қозғалды.

"Еліміздің кемінде тағы үш облысында осыған ұқсас қылмыстардың жасалғаны туралы ақпарат бар. Сонымен қатар аталған топ қымбат жылжымайтын мүлік, автокөлік және т.б. алу арқылы заңдастырылған кірісі жасырын бизнеспен белсенді айналысқан. Қылмыскерлердің уәкілетті мемлекеттік органдарда байланыстары болған", — делінген агенттік хабарламасында.

Құзырлы орган топтың белсенді мүшелері ұсталғанын мәлімдеді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейтіні алға тартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1978528-almatyda-uzaq-uaqyt-boiy-tanymal-kasipkerlerdi-bopsalap-kelgen-reiderlik-top-askerelendi/

pixel