Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аптап ыстық, шаңды дауыл: Жұмада ел аумағында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

термометр
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК өкілдері 15 шілде, жұмаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, оңтүстік-батысы мен орталығында күн жауын-шашынсыз болады.

Еліміздің қалған территориясында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауып, жел күшеюі ықтимал.

Сондай-ақ оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл, батыста бұршақ, солтүстікте түнде және таңертең тұман күтіледі.

Одан бөлек күндіз Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Түркістан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Ұлытау, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде және Батыс Қазақстан, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.

Сонымен қатар Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде өрт қаупі сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1978601-bursaq-sandy-dauyl-qatty-ystyq-zumada-el-aumagynda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel