Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте 57 жастағы тұрғыннан 6 келі марихуана тәркіленді

Опубликовано:

Есірткі
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте 57 жастағы тұрғыннан 6 келі марихуана тәркіленді. Ол есірткі заттарын 90 полиэтиленді пакеттерге бөлшектеп салып, құрылыс шелектеріне жасырған, деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz

Шымкент қаласының gолиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Қарасора-2022" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында өз үйінде ірі көлемде есірткі сақтаған 57 жастағы жергілікті тұрғынды құрықтады.

Тексеру барысында аталған азамат есірткі заттарын 90 полиэтиленді пакеттерге бөлшектеп салып, құрылыс шелектеріне жасырғаны анықталды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі заты кептірілген марихуана екендігі белгілі болды. Жалпы салмағы – 6 келі 363 грамды құрады.

Сонымен қатар, тұрғылықты мекенжайы бойынша қосымша тексеру барысында 2 түп сора есірткі өсімдігі алынды. Бүгінде аталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1978706-symkentte-57-zastagy-turgynnan-6-keli-marixuana-tarkilendi/

pixel