Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Эпидемиологиялық жағдай нашарласа Қазақстанда не өзгеруі мүмкін

Опубликовано:

Бетперде және қашықтан жұмыс
Көрнекі сурет: Pixabay.com

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ОКҚ-де өткен брифинг кезінде ведомствоның коронавирусқа байланысты енгізілетін "сары" және "қызыл" аймақтарға арналған шаралар пакетін әзірленгенін хабарлады. Сөзінше, шаралар әлі қабылданған жоқ, алдымен комиссияның талқылауына шығарылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Министр Ажар Ғиният эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес өңірлер белгілі бір аймақта болған кезде қабылданатын шараларды жариялады.

"Сары" аймаққа көшу кезінде бизнеске жүктемесіз инфекцияны оқшаулау үшін қосымша шаралар қабылданады. Бұл шаралар әзірленіп, дайын тұр, олар ВАК-тың келесі отырысында талқылауға шығарылады.

Олар: жақын байланыста болған адамдармен жұмыс істеу, науқас қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге жіберу, вакцинаға қарсы көрсетілімдері бар, вакцинасы жоқ науқас қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге көшіру, қоғамдық орындар мен көлікте міндетті түрде бетперде кию.

"Қызыл" аймаққа көшу кезінде халықтың қозғалысын және кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін шектеу бойынша қосымша шаралар 2 кезеңде – медициналық мекемелерге түсетін жүктемеге байланысты қабылданады", деп хабарлады министр.

Ол бұл ұсыныстарды Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеп, ведомствоаралық комиссияның (ВАК) қарауына шығаратынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1978710-epidemiologiyalyq-zagdai-nasarlasa-qazaqstanda-ne-ozgerui-mumkin/

pixel