Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биыл елімізде коронавируспен күреске 100 млрд теңге бөлу жоспарлануда

Опубликовано:

ПТР
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

ОКҚ өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният 2022 жылы коронавирусқа қарсы күреске 100 млрд теңге қажет екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Биыл коронавируспен күреске 100 млрд теңге жоспарланған. Бұл қаражат вакцина сатып алуға, пациенттерді емдеуге және қауіпті жағдайда жұмыс істейтін біздің медициналық қызметкерлерімізге төленетені қосымша ақыға жұмсалады.

Егер өткен жылмен салыстыратын болсақ, бұл былтыр жұмсаған қаражатымыздан 6 есе аз, өйткені ауруханаларда науқастар аз болды", - деді Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Оның сөзінше, қазіргі болжам бойынша бұл қаржы жеткілікті.

"Күз бен қыста ахуал қандай болатынына байланысты бюджетті қайта қарастыруға мүмкіндік бар", - деді спикер.

Еске сала кетсек, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың таралуы бойынша алдағы үш айға жасаған болжамын ұсынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1978713-biyl-elimizde-koronaviruspen-kureske-100-mlrd-tenge-bolu-zosparlanuda/

pixel