Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денсаулық сақтау министрі бүгін Алматының қайта "жасыл" аймаққа оралу себебін түсіндірді

Опубликовано:

аурухана74
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстан облыстары бүгінгі таңда коронавирустың таралу деңгейі бойынша қай аймақтарда орналасқанын айтып берді. "Жасыл", "сары" немесе "қызыл" аймақтарды анықтайтын матрицаның өзгеруіне байланысты қазір бүкіл ел "жасыл" аймаққа енген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ажар Ғиният ұсынған слайдқа сәйкес, Алматы "жасыл" аймаққа қайта оралды, себебі 15 шілдеден бастап өңірде карантиндік шараларды енгізу үшін науқас адамдардың саны емес, ауруханаға жатқызылғандар саны есептеледі. Осылайша, қазір бүкіл Қазақстан "жасыл" аймақта қалып отыр.

"Бүгінгі күні Алматыда 162 адам ауруханада жатыр, бұл бізде әлі де жұқпалы дертпен түскен науқастарға төсек-орындардың жеткілікті екенін, дертті еңсере алып жатқанымызды, жүктеменің жоқтығын аңғартады.

Сондықтан матрица бойынша Алматы "жасыл" аймақта. "Сары аймаққа" көшу үшін ауруханаларда 5 000 науқасқа дейін болуы керек және R мәні 1-ден жоғары болуға тиіс немесе ауруханаларда 5 000-нан 10 000 науқасқа дейін болуы керек, бірақ R саны (таралу деңгейі) 1-ден аз болуға тиіс", - деді министр.

Айта кетсек, бұған дейін Ажар Ғиният эпидемиологиялық жағдай нашарласа Қазақстанда не өзгеруі мүмкін екенін айтып берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1978733-densaulyq-saqtau-ministri-bugin-almatynyn-qaita-zasyl-aimaqqa-oralu-sebebin-tusindirdi/

pixel