Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы парктерінде самокатпен жүруге шектеу қойылады

Опубликовано:

Самокат
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыдағы ең ірі саябақтарда электрлі самокатпен жүруге шектеу қойылатын болды. Бұл туралы Jet Sharing ЖШС директоры Мейрамбек Әбелқасов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазіргі кезде электрлі самокатпен жүруге шектеу Тұңғыш Президент саябағы аумағында қолданылады. Алдағы уақытта 28 панфиловшылар паркі мен Орталық демалыс паркіне де шектеулер қойылады", – деді Мейрамбек Әбелқасов.

Сонымен қатар ол самокаттарды жалға беретін операторлардың айыппұл мен ынталандыру жүйесін енгізетінін жоспарлап отырғанын жеткізді.

"Егер пайдаланушы самокатты тиісті орынға қалдырса, онда ол үшін бонус алады, егер дұрыс жерге қалдырмаса, онда айыппұл арқалайды", деген Әбелқасов бүгінде мегаполисте электрлі самокат қолданушылардың саны бес есе өскенін айтты.

Ozim ЖШС директоры Асылбек Есенов журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, бір самокатпен екі немесе одан көп адамның жүруіне барлық операторлардың тыйым салатынын ескертіп өтті. Себебі, бұл қауіпті және скутер бір адамға ғана арналған көлік.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Алматы қаласының әкімдігі мен электрлі самокаттарды жалға беретін операторлар арасында меморандумға қол қойылғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1978765-almaty-parkterinde-samokatpen-zuruge-sekteu-qoiylady/

pixel