Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Лай суға шомылдық": Түркістандықтар жаңадан ашылған жағажайдың талапқа сай еместігін айтты (фото)

Опубликовано:

Түркістандағы жағажай
Фото: KAZ.NUR.KZ

Түркістан қаласында тұрғындар жаңадан ашылған жағажайдың суы лай, жағалауы батпақ деп шағымдануда. Демалыс орнына көңілі толмағандардың айтуынша, жағажай талаптарға сай емес, тіпті қауіпсіздік шаралары сақталмаған. Тұрғындардың сынына қатысты әкімдік жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Жақсы ойластырылған идея. Бірақ біріншіден, суы тұнық емес, лайлы су, лай суға шомылып қайттық. Сонда жұмыс істеген жігіттер "жағажайға арналған топырақ әкелдік, ол әлі басылуы керек" деп жатыр. Екіншіден, қалаға шалғайлау орналасқан. Такси барып келу үшін 4 мың теңге алады. Жағажайды 1-ден 5-ке дейінгі аралықта бағалар болсам, екі деген баға қояр ем",- дейді түркістандық Сәуле.

Түркістандағы жағажай
Фото: KAZ.NUR.KZ

"Судың өзі таза су. Бірақ жағажай жасауға жағдай жасалмаған. Асты батпақ. Қоқыс тастайтын орын жоқ. Қауіпсіздік ережелері ескерілмеген. Ол жерде адам саны аса маңызды емес. Он адам шомылса да, мың адам шомылса да сол лай көтеріледі ғой бәрібір. Құм әкелініп, төселгені рас. Ол жер бұрын батпақты жер болғандықтан құм батпаққа сіңіп кеткен. Біраз жеріне тас төсеп қойған. Таспен жағажай жасай алмайсың ғой. Жалпы, жағажай деуге келмейді мүлдем",- дейді табиғат жанашыры Ғани Назарбек.

Түркістандағы жағажай
Фото: KAZ.NUR.KZ

Ал Түркістан облысы әкімдігі жағажайда бір мезгілде суға түскен адам санының шамадан тыс көбеюінен су түбіндегі құм көтерілді деп түсіндіреді.

"Түркістан туристік-рекреациялық орталығының инженерлік инфрақұрылымын салу жобасына сәйкес, жасанды көл салынды. Жасанды көлге төселген құм Арыс қаласынан жеткізіліп, тиісті зертханалардың оң қортындылары алынған. Нысанның жобалық қуаты 1200 адамға есептелген.

Алайда жағажайдың ашылу салтанатына келушілердің саны 8000 адамға дейін жеткен. Сонымен қатар бір уақытта шамадан тыс адам суға түскендіктен су түбіндегі құмның көтерілуі байқалды",- деді облыстық әкімдіктен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1978768-lai-suga-somyldyq-turkistandyqtar-zanadan-asylgan-zagazaidyn-talapqa-sai-emestigin-aitty-foto/

pixel