Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық музей басшылығы 1,2 млрд теңге жымқырды деп күдіктелуде

Опубликовано:

Пара алу
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Антикор Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруін жалғастыруда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Telegram-дағы ресми арнасында тергеу жұмыстарына қатысты бірқатар мәліметті жария етті.

"Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2017-2018 жылдары "Ақпараттық ресурстарда объектілерді танымал ету үшін жалпыұлттық тізбеге енгізілген объектілердің 3D модельдерін құру" жобасын іске асыру кезінде Ұлттық музей басшылығына және басқа да тұлғаларға қатысты аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде", - делінген агенттік хабарламасында.

Агенттіктің ақпаратына сәйкес, Ұлттық музей мердігер ұйымдарға аталған жоба аясында атқарылған жұмыстар үшін 1,3 млрд теңге төлеген.

"Алайда жүргізілген сараптамалық зерттеу жұмыстарының нақты құны 83,4 млн теңгені құрағаны анықталып отыр. Осылайша жұмыс құны 1,2 млрд теңгеге негізсіз ұлғайтылып, мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтірді. Тергеп-тексеру амалдары жалғасуда", - деп толықтырды құзырлы мекеме.

Агенттік өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейтінін алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1978791-ulttyq-muzei-bassylygy-12-mlrd-tenge-zymqyrdy-dep-kudiktelude/

pixel