Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан қаласы "сары" аймаққа жақындап қалды

Опубликовано:

Тестілеу
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram-дағы ресми арнасында жария еткен ақпаратқа сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы "сары" аймаққа жақындап қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

2022 жылғы 16 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанның барлық өңірі "жасыл" аймақта орналасқан. Алайда Нұр-Сұлтан қаласы өзге өңірлермен салыстырғанда, "сары" аймаққа әлдеқайда жақын орналасқан. Қалған өңілрер әзірге "жасыл" аймақтан "сарыға" аса жақындай қоймады.

Айта кетсек, елімізде өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 1470 жағдайы тіркелген. Оның ішінде, 423 науқас Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген.

Жалпы ел бойынша 6 425 науқас коронавирус инфекциясынан (–6 332+ және 93 КВИ-) ем қабылдап жатыр, оның ішінде 680 науқас стационарда, 5 745 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

17 адамның жағдайы ауыр,

1 пациенттің жағдайы өте ауыр,

1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1978800-nur-sultan-qalasy-sary-aimaqqa-zaqyndap-qaldy/

pixel