Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жағдайы ауыр": Қарағандыдағы аулалардың бірінен қорапта жатқан нәресте табылды

Опубликовано:

Нәресте
Көрнекі фото: piqsels.com

Қарағандыдағы үйлердің бірінің ауласынан жаңа туған нәресте табылды. Бала картон қораптың ішінде жатқан деп хабарлайды Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

15 шілде күні сағат 21:00 шамасында Қарағанды ​​қаласы полиция басқармасы Орталық полиция бөліміне қорапта жатқан сәби табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Көпқабатты үйдің ауласынан табылған жаңа туған нәресте медициналық мекемелердің біріне жеткізілді, дейді баспасөз қызметінде. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келген.

"21 жастағы куәгер кешке үйдің подъезінен шығып, орындықтың жанынан қағаз картон қорапшаны көргенін, оның ішінде көрпеге оранған нәресте жатқанын айтты. Бойжеткен оны көтеріп алып, жақын маңдағы медициналық мекемеге алып барған", - деп хабарлады Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Дәрігерлердің айтуынша, сәби табылғанға дейін бірер сағат бұрын үй жағдайында дүниеге келген. Нәресте айы-күні жетпей туылған, жағдайы ауыр деп бағалануда.

Бүгінде нәресте перинаталдық орталықта дәрігерлердің бақылауына алынған. Полицейлер баланың анасын анықтап, ұстады. Ол 23 жастағы облыс тұрғыны болып шықты. Бұл факті полицияда тіркелген. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1978810-zagdaiy-auyr-qaragandydagy-aulalardyn-birinen-qorapta-zatqan-sabi-tabyldy/

pixel