Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирустың қазіргі уақытта ең көп таралған ауру белгісі анықталды

Опубликовано:

Коронавирусқа тексерілу
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Zoe COVID зерттеуі ұсынған жаңа деректерге сәйкес, тамақтың ауыруы коронавирустың ең көп таралған белгісіне айналған. Бұл туралы COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Пандемия енді басталғанда вирусқа тән белгілердің бірі қалтырау немесе иіс сезуді жоғалту болатын. Алайда бүгінде бұл белгілер сирек кездеседі.

Zoe COVID зерттеуіне сәйкес, қазіргі уақытта кеңінен таралып жатқан белгілер - бұл тамақ пен бастың ауруы мен мұрынның бітелуі болып табылады.

Сонымен қатар зерттеуде жалпы белгілер ретінде жөтел, дауыстың қырылдауы, түшкіру, шаршау және бұлшық еттің ауыруы да аталған.

Ал ресейлік дәрігерлер дерттен кейінгі асқынулардың қауіпті болуы мүмкін екенін ескертіп отыр.

"COVID-19 инфекциясынан кейін болуы мүмкін асқынулар қауіпті саналады. Олардың тізіміне өкпе, қан тамырлары, жүрек, жүйке жүйесі проблемалары кіреді. Бұл демікпе және созылмалы обструктивті өкпе ауруының даму мүмкіндігін және тромбоздардан зардап шеккен тамырлар салдарынан инфаркт пен инсульттің пайда болу қаупін тудырады. Күйзеліс, қорқыныш, үйреулену сынды жүйке жүйесінің проблемалары да туындауы мүмкін" - дейді ресейлік дәрігер-инфекционист.

Одан бөлек, адамның есте сақтау қабілеті (жады), жаңа ақпараттарды меңгеру қабілеті төмендеуі мүмкін. Көбіне коронавируспен ауыратын науқастар ұмытшақтыққа, ойдың шашыраңқы болуына шағымданады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1978817-zana-derek-koronavirustyn-qaziri-uaqytta-en-kop-taralgan-auru-belgisi-anyqtaldy/

pixel