Елімізде коронавирустан тағы 413 адам жазылды

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Елімізде өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 413 адам жазылып шықты, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Өңірлер бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласында - 72,

Алматы қаласында - 293,

Алматы облысында - 44,

Павлодар облысында - 4,

Жалпы пандемия басталғалы елімізде коронавирус 1 316 567 адамда тіркелді. Соның ішінде 1 295 438 науқас сауығып шықты.

Айта кетейік, денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтыру бойынша жаңа статистикалық мәліметтерді жариялады. Оған сәйкес елімізде өткен тәулікте қауіпті инфекция 1546 адамнан анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1978844-elimizde-koronavirustan-tagy-413-adam-zazyldy/