Бұрхан Жансейітовті үйқамақта ұстау шешімі қабылданды
Опубликовано:

ҚМА қызметкерлерімен ұсталған Бұрхан Жансейітовті үй қамаққа ұстау шешімі қабылданды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісіне Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы қалалық соттың мәліметінше, Бұрхан Жансейітов екі айға үйқамаққа алынды.
"Алматы қаласы тергеу сотының 2022 жылғы 17 шілдедегі қаулысымен Б. Жансейітов 2 ай мерзімге, яғни 17 қыркүйекке дейін үйқамаққа алынды, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаудан бас тартылды", - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, 15 шілде күні қаржы мониторингі агенттігі Алматыда Бұрхан Жансейітовтің ұсталғаны туралы хабарлаған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1978851-zanger-burxan-zanseiitovti-uiqamaqta-ustau-sesimi-qabyldandy/