Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Опубликовано:

Иран Шаметеков
Фото: mgdb-3.kz

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшылығына Иран Шаметеков келді. Конкурстық комиссияның шешімі қала әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.

Оңтүстік астана әкімдігінің хабарлауынша, конкурстық комиссияның шешімі бойынша Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Шаметеков Иран Маратұлы, Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары болып Идрисов Руслан Фаритұлы, ал Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы ретінде Мендіғалиев Қайыржан Ермекұлы тағайындалды.

Нұр-Сұлтан әкімдігінің №3 көпбейінді қалалық балалар аураханасының ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Иран Шаметеков 2000 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық академиясын "емдеу ісі" мамандығы бойынша бітірген. 2000-2001 жылдары "Хирургия" мамандығы бойынша интернатураны Батыс Қазақстан медицина академиясында өтті.

2006 жылы Д. А. Қонаев атындағы гуманитарлық университетінің "құқықтану" мамандығы бойынша  оқып, бакалавр академиялық дәрежесін алған.

Философия және қоғамдық денсаулық сақтау докторы ғылыми дәрежесі бар.

Еңбек жолын 2001 жылы Байқоңыр қаласының қалалық ауруханасында қабылдау бөлімінің хирург дәрігері лауазымында бастаған.

Түрлі жылдары денсаулық сақтау министрлігінің түрлі департаменттерінде, елорданың денсаулық сақтау басқармасы жетекшісінің орынбасары, Қызылорда облысы бойында денсаулық сақтау басқармасының басшысы, директоры, кейін "ҚазМҮББУ" АҚ ұйымдастыру жұмысы жөніндегі проректоры болып қызмет етті.

2019 жылдың 1-сәуірінен бастап Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ "№3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының" бас дәрігері болып жұмыс істеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1978852-almatynyn-qogamdyq-densaulyq-saqtau-basqarmasyna-zana-bassy-tagaiyndaldy/