Елордада бірден 22 автобус жүру бағытын өзгертті

Опубликовано:

Автобус едет по городу
Иллюстративное фото: instagram.com/cts_kz

Нұр-Сұлтан қаласында бірден 22 автобус жүру бағытын өзгертті. Оған елорда көшелеріндегі жөндеу жұмыстары себеп болып отыр. Бұл туралы CityTransportationSystems компаниясының ресми Instagram парақшасында хабарланды.

Ұсынылған мәліметке сәйкес, Мәңгілік ел даңғылында жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты №№ 12, 15, 15А, 18, 19, 21, 28, 30, 32, 35, 40, 43, 46, 47, 50, 51, 52, 54, 56, 60, 61, 70 автобус қозғалыс бағытын уақытша өзгертеді. Компания азаматтардан өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұрап отыр.

Еске салайық, 16 шілде - 15 тамыз аралығында М-1 көпірінде жөндеу жүргізіледі. Осы уақытта М-1 көпірінің Бауыржан Момышұлы даңғылынан бастап Мәңгілік ел даңғылы - Сарайшық көшесі қиылысындағы көлік айырымына дейінгі бөлігі қозғалыс үшін ішінара жабылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1978878-elordada-birden-22-avtobus-zuru-bagytyn-ozgertti/