Павлодар облысында ауыл тұрғыны қалаға жету үшін көлік ұрлаған
Опубликовано:

Көлік ұрлаған Май ауданының 30 жастағы тұрғыны Павлодар қаласында қолға түсті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 14 шілде күні Павлодар қаласының 48 жастағы тұрғыны тәртіп сақшыларына арызданған. Оның сөзінше, Lexus RX 330 жол талғамайтын көлігін белгісіз біреу айдап кеткен.
"Темір тұлпар түнде Павлодар ауданы Новочерноярка ауылындағы шаруа қожалықтарының бірінің аумағынан ұрланған. Полицейлер жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде көлікті ізін суытпай Павлодар қаласының Набережная көшесінен тапты", - деді Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Василий Скляр.
Ұсталған ер адамның өз кінәсін мойындағаны белгілі болды. Ол көлікті қалаға жету үшін ұрлағанын айтқан.
Қазіргі уақытта көлік иесіне қайтарылды, ал ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 200-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1978935-pavlodar-oblysynda-auyl-turgyny-qalaga-zetu-usin-kolik-urlagan/