Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ірі көтерме базарлардың бірі мемлекетке қайтарылады

Опубликовано:

Базар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия Алматыдағы "Барыс-4" базары мемлекетке қайтарылатынын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның ақпаратынша, "Көтерме" базардан бірқатар заңбұзушылық анықталған.

"Алматыда олигополиялардың бірінің ірі көтерме сауда нарығындағы ("Барыс-4") үлесін 5 есе арзан бағаға (нарықтық бағасы 1,5 млрд теңге, алайда 307 млн теңгеге сатылған) сату фактісі анықталды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаевтың ісіне қатысты жаңа ақпарат ұсынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1978950-almatyda-iri-koterme-bazarlardyn-biri-memleketke-qaitaryluy-mumkin/

pixel