Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

FlyArystan Оралға жасалатын ішкі рейстерді тоқтатады

Опубликовано:

FlyArystan
Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

FlyArystan әуекомпаниясы Facebook-тегі ресми парақшасында 1 тамыздан бастап Орал қаласына жасалатын ішкі рейстерді тоқтататынын хабарлады.

"2022 жылдың 1 тамызынан бастап Орал қаласының әуежайында операциялық шектеулердің енгізілуіне байланысты FlyArystan ішкі бағыттар бойынша Оралдан және Оралға орындалатын рейстерді тоқтатуға мәжбүр", - делінген хабарламда.

Әуекомпаниясы мұның себебін Орал әуежайы енгізген шектеумен байланыстырды.

Әуежай хабарламасында, ұшып/қону жолағы мен перронның жасанды төсеміне түсетін салмақ пен қарқындылығына қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында шектеу енгізілгені айтылған.

"FlyArystan жолаушыларға билет құнын толықтай қайтаруға немесе басқа ішкі бағыттар бойынша қайта тегін брондауды ұсынады. Барлық жолаушыға sms және билет сатып алу кезінде көрсетілген электронды пошталарға жеке хабарламалар жіберіледі", - деп қосты әуекомпаниясы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979032-flyarystan-oralga-zasalatyn-iski-reisterdi-toqtatady/

pixel