Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін Қазақстанның бірнеше өңірінде аптап ыстық күтіледі

Опубликовано:

Ыстық ауа райы
Көрнекі сурет: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК 19 шілде сейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін ел аумағының басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады.

Тек батыс пен шығыста атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Сондай-ақ жел күшейіп, түнде және таңертең солтүстікте тұманды болуы мүмкін, ал оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұруы ықтимал.

Сонымен қатар бүгін Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі күтіледі.

Одан бөлек күндіз Түркістан, Атырау, Ұлытау, Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық күтіледі.

Синоптиктер сейсенбіде еліміздің ірі үш қаласында ауа райы қандай болатынын да болжады.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін ел астанасы Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығып, күн жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Шығыстан жел соғып, екпіні 2-7 м/с-қа дейін жетеді. Күндіз 28-30 градус ыстық болады.

Алматы қаласында да көшпелі бұлт шығып, күн жауын-шашынсыз болады. Бұдан бөлек, екпіні 2-7 м/с-қа дейін жететін жел тұруы ықтимал. Күндіз 30-32 градус ыстық болмақ.

Шымкент қаласында да бүгін жауын-шашын жаумайды. Дегенмен солтүстік-шығыстан жел соғып, күші 8-13 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Сынап бағанасы күндіз 36-38 градусқа дейін көтерілмек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979068-bugin-elimizdin-birnese-onirinde-aptap-ystyq-kutiledi/

pixel