Қазақстанда тағы 1450 адамнан коронавирус анықталды
Опубликовано:

Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға қатысты мәліметтер жаңарды. Оған сәйкес, 18 шілдеде елімізде коронавирус жұқтырған тағы 1450 адам тіркелді, деп хабарлайды COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК ресми Telegram-каналында.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 502
- Алматы қаласы - 589
- Шымкент қаласы - 31
- Ақмола облысы - 24
- Ақтөбе облысы - 4
- Алматы облысы - 69
- Жетісу облысы - 43
- Атырау облысы - 32
- Шығыс Қазақстан облысы - 6
- Абай облысы - 2
- Жамбыл облысы - 51
- Батыс Қазақстан облысы - 5
- Қарағанды облысы - 40
- Ұлытау облысы - 13
- Қостанай облысы - 2
- Қызылорда облысы - 13
- Маңғыстау облысы - 6
- Павлодар облысы - 11
- Солтүстік Қазақстан облысы - 2
- Түркістан облысы - 5.
Осылайша, жалпы ел бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 1 319 494-ке жетіп отыр.
Сонымен қатар өткен тәулікте 443 адам коронавирустан жазылып шыққан.
Айта кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау минстрі Ажар Ғиният коронавирустың таралуына қатысты ДСМ жасаған болжамды бөліскен еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979080-qazaqstanda-tagy-1450-adamnan-koronavirus-anyqtaldy/