Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ереже бұзған": ҰБТ-да ең жоғары балл жинаған үшінші талапкер де гранттан құр қалды

Опубликовано:

ҰБТ
Көрнекі фото: pixabay.com

Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде ең жоғары 139 балл жинаған үшінші түлек те грант конкурсына қатысу мүмкіндігінен айырылды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Facebook парақшасында хабарлады.

"Өкінішке қарай, ҰБТ-2022 бейнежазбаларын қайтадан тексеру барысында ең жоғары 139 балл жинаған тестіленушінің ереже бұзғаны белгілі болды. Сәйкесінше, оның нәтижесі жойылып, грант конкурсына қатысу мүмкіндігінен айырылды", - деп жазды Емелбаев.

Осы ретте ол бұған дейін ҰБТ кезінде 139 балл жинап, бірақ ереже бұзған 2 талапкердің нәтижесі жойылғанын еске салды.

"Енді ең максималды балл – 138, оны 4 талапкер жинады. Төртеуінің де нәтижелерін тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Естеріңізге сала кетсем, аномалды жоғары балл (+20 балдан +80 балға дейін) жинаған талапкерлердің нәтижелері біздің ерекше бақылауымызда", - деді ол.

Сондай-ақ Руслан Емелбаев ата-аналар certificate.testcenter.kz сайты арқылы баласының сертификатын қарай алатынын хабарлады. Ол үшін баланың ЖСН және ТЖК деректерін енгізу қажет.

"Ескерту: ҰБТ сертификатын қолдан жасау заңсыз және пайдасыз. Себебі ҰБТ бойынша барлық дерек біздің базамызда бар.

Достар, біз білім беру гранты тек лайықты балаға тиесілі болғанын қалаймыз, сондықтан ешқандай ереже бұзушылыққа көз жұмып қарай алмаймыз", - деп қорытындылады Руслан Емелбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979177-ereze-buzgan-ubt-da-en-zogary-ball-zinagan-usinsi-talapker-de-granttan-qur-qaldy/

pixel