Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Анаңа көз тиген": Екібастұзда оқушы қыз бейтаныс әйелдің арбауына түсіп, оған алтын сырғасын шешіп берген

Опубликовано:

Емші
Көрнекі сурет: pixabay.com

Екібастұзда өзін "экстрасенс" ретінде таныстырып, оқушы қызды алдап алтын сырғасын алып кеткен әйел іздестірілуде, деп хабарлайды Polisia.kz.

Порталдың мәліметінше, Екібастұз қаласының полиция басқармасына 39 жастағы қала тұрғыны жүгініп, көшеде 15 жастағы қызының алтын сырғасын ұрлап кеткенін хабарлаған.

Мән-жайды анықтау барысында полиция қызметкерлері қаладағы сауда үйлерінің бірінде оқушы қыз өзін "экстрасенс" деп таныстырған әйелді кездестіргенін анықтаған.

Бейтаныс әйел қыздан далаға шығуды өтінген. Содан соң ол жасөспірімнің анасына көз тигенін айтып, бұл қарғыстан құтылу үшін оған көмектесетініне сендірген. Тек ол үшін алтын бұйымдар қажет екенін жеткізген.

Қыз келісіп, құлағындағы сырғасын шешіп, әлгі әйелге берген. Рәсім жасалғаннан кейін ол жасөспірімге үйіне қайтуды бұйырған.

Полицияның мәліметінше, қазірге таңда аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сонымен қатара құзырлы орган бұрын осыған ұқсас қылмыстарға тартылған Алматы облысының 34 жастағы тұрғынын іздестіруге және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Жасөспірімге келген шығын көлемі шамамен 80 мың теңге.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979226-anana-koz-tigen-ekibastuzda-oqusy-qyz-belgisiz-aieldin-arbauyna-tusip-ogan-qulagyndagy-altyn-syrgasyn-sesip-bergen/

pixel