Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін қазақстандық телеарналардың трансляциясы уақытша тоқтатылады

Опубликовано:

Теледидар пульті
Көрнекі фото: pexels.com

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қазақстандықтарға телерадио хабарларын тарату желілерінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін ескертті. Бұл туралы ведомство Telegram арнасында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 20 шілдеде сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Нұр-Сұлтан уақытымен) жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

Жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылмақ.

"Қазтелерадио" АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді тоқтатылады, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз", - делінген министрліктің хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979252-bugin-qazaqstandyq-telearnalardyn-translyaciyasy-uaqytsa-toqtatylady/

pixel