Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында ауыл тұрғындары құбырдан аққан лас суға шағымданды (видео)

Опубликовано:

Лас су
Видеодан кадр: instagram.com/kris_p_issyk

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Рахат ауылының тұрғындары құбырдан аққан лас судың видеосын әлеуметтік желіде жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бейнежазба Instagram желісіндегі kris_p_issyk парақшасында жарияланған. Видеода көк түсті ыдысқа құбырдан құйылып жатқан лайқа суды байқауға болады.

"Біз осы суды ішеміз. Әкімдік мәселені шешуге асығар емес. Үнемі осындай су ағады, барлық құбыр мен машиналар бітеліп қалады. Ешкім қимылдар емес", - делінген жазбада.

Айта кетейік, 2009 жылы Рахат ауылының тұрғыны 2,4 мың адамды құраған.

Жазбаға Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі өзінің Instagram парақшасы арқылы пікір білдірген. Ведомствоның дерегінше, мәселе елдімекенге су кіретін ескірген құбырларда болып отыр.

"Рахат ауылына су табиғи жолмен жеткізіледі. Елдімекендегі ауылішілік құбырлар 70-жылдары тартылған. Биылғы жылы Рахат ауылдық округіне қарасты 3 ауылды Еңбекшіқазақ топтық су құбырына қосу жоспарлануда, бұл 9 елді мекенді сумен қамтамасыз етеді", - деп хабарлады аудан әкімшілігінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979281-almaty-oblysynda-auyl-turgyndary-qubyrdan-aqqan-las-suga-sagymdandy-video/