Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда соңғы үш жылда миллиондаған гектар жайылымдық жер заңсыз берілген

Опубликовано:

Жылқылар
Көрнекі фото: pixabay.com

Еліміздің Бас прокуратурасы соңғы үш жылда 3 млн гектар жайылымдық жердің заңсыз берілгенін хабарлады. Бұл туралы ведомство ресми сайтында мәлім етті.

"Тек соңғы 3 жылдың ішінде прокурорлар 18 млн гектар бос және 3 млн гектар заңсыз берілген жайылымдарды анықтады, олардың 5 млн гектары мемлекетке қайтарылып, 4 млн гектары айналымға тартылды.

Жұмыс нәтижелері учаскелерді игеруге мүмкіндігі жоқ адамдар жердің жасанды тапшылығын тудыратынын көрсетті. Осы себепті адал фермерлер мен ауыл халқы жайылымдарды пайдалану мүмкіндігінен айырылады, бұл уақыт өте келе олардың тозуына әкеледі", - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, бүгінде елімізде шамамен 15 млн гектар қоғамдық жайылымдар жетіспейді. Бұл жеке қосалқы шаруашылықтардың мал жаюы кезінде проблемалар туғызады.

Жағдайды жақсарту үшін биыл Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп мемлекетке қосымша 5 млн гектар қайтару жоспарлануда.

Сонымен қатар жергілікті әкімдіктер ауыл маңындағы жайылымдық жерлерді жеке тұлғаларға беруді болдырмайтын мемлекеттік жайылымдарды басқару жоспарларын бекіткен.

"Жайылымдарды беру кезіндегі бұзушылықтар және тиісті бақылаудың жоқтығы үшін прокуратура органдарының қадағалау актілері бойынша 520 лауазымды адам, оның ішінде 42 адам мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекеттері үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979286-qazaqstanda-songy-us-zylda-milliondagan-gektar-zaiylymdyq-zer-zansyz-berilgen/

pixel