Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада тұрғын үй кешенінің лифтінде дәрет сындырған медицина қызметкері жазаланды

Опубликовано:

Медқызметкер лифтіде қажетін өтеген
Көрнекі сурет: Pixabay.com

Елордада 14 шілде күні қаладағы тұрғын үй кешендерінің бірінде лифтте қажетін өтеген медицина қызметкері жазаланды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық сотының ресми сайтында хабарланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Медицина қызметкеріне қатысты Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігімен "ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Сот отырысы барысында әйел өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтқан.

Нұрсұлтан қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты медицина қызметкерін қоғамға құрмет көрсетпегені және қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін кінәлі деп таныды.

Ол 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Жаза қоғамға теріс әсер ететін және қоғамға құрметсіздік білдіруге бағытталған, орынсыз мінез-құлықпен жасалған әрекеттің дәрежесі мен сипатын ескере отырып тағайындалғаны атап өтілді.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979294-elordada-turgyn-ui-keseninin-liftinde-daret-syndyrgan-medicina-qyzmetkeri-zazalandy/

pixel