Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңбыр, найзағай, жел: Алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

жаңбырлы күн
Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 21-23 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

Атап айтқанда, 22 шілдеде республиканың шығысында қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Сондай-ақ бұршақ жауып, жел күшеюі ықтимал.

Батыста ауа температурасы төмендейді, Қазақстанның солтүстік жартысында күндіз сынап бағанасы +23+28 градусты көрсетеді деп күтілуде.

Одан бөлек мамандар еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында күн жауын-шашынсыз әрі ыстық болады деп болжап отыр. Тек таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай ойнауы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979302-zanbyr-naizagai-zel-aldagy-us-kunde-elimizde-aua-raiy-qandai-boluy-mumkin/

pixel