Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Субұрқаққа шомылғандар қандай ауру жұқтырып алуы мүмкін

Опубликовано:

субұрқақта ойнап жүрген балалар
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Елордадағы кейбір субұрқақтардың санитариялық-микробиологиялық көрсеткіштердің талапқа сай еместігі анықталды. Мұндай орындарда бірқатар жұқпалы ауру жұқтыру мүмкіндігі жоғары, деп хабарлайды Хабар 24

"Жаз басталғалы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті субұрқақтардағы судың сапасын тексеруде. Мамыр айынан бері 240 сынама алынды. Оның 18-інен санитариялық-микробиологиялық көрсеткіштердің талапқа сай еместігі анықталды.

Онда тұмаудан бастап жұқпалы ауруға душар болу қаупі бар. Атап айтсақ, ішек инфекциясы, паразиттік инфекциялар және гепатит. Жұқпалы ауру жұқтырудан бөлек, субұрқақта тоққа түсу қаупі бар. Десе де, онда шомылуға тыйым салынбаған", дейді елорданың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Шағалтаева.

Қолда бар заңда мұнда шомылғаны үшін жауапкершілікке тарту шарасы қарастырылмапты. Яғни тәртіп сақшылары да жағдайды бақылауға шарасыз.

"Субұрқақтарда жүзуге тікелей тыйым жоқ. Дегенмен тексерістер жүргізіліп тұрады. Кодексте балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту шаралары бар. Ата-анаға шара қолдануға болады", дейді Нұр-Сұлтан қалалық ПД бөлім бастығы Нэлля Досжанова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1979307-suburqaqqa-somylgandar-qandai-auru-zuqtyryp-aluy-mumkin/

pixel